Перейти к содержимому
Блог » Новости » Алматыда Халал өнімдер жәрмеңкесі өтеді

Алматыда Халал өнімдер жәрмеңкесі өтеді

27-28 қазанда Алматы қаласында 2017 жылғы «Халал өнімдер жәрмеңкесі» өтеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі ұйымдастыратын кезекті жәрмеңкеде «Халал Даму» ЖШС-ның сертификатын алған 50-ге жуық кәсіпорын тауарлары халық назарына ұсынылады. Атап айтқанда, ет, шұжық, кондитерлік өнімдер, сусындар мен азық-түлік тағамдары таныстырылады. Сонымен бірге, жәрмеңкеден биологиялық белсенді қоспаларды да табуға болады.

Халал өнімдер жәрмеңкесі сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Пушкин көшесі, 16 мекенжайындағы Орталық мешіт алаңында өтеді.

Естеріңізге салсақ, бұл жәрмеңке алғаш рет былтыр ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен ұйымдастырылған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.